Skip to main content
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +8(72251)2-17-70

«Күншуақ» балабақшасы»

01 Ақп 2020

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ

2020 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында өткізілген «Жаңартылған білімге – жаңашыл ұстаз» тақырыбында ұстаздарға арналған Республикалық форумында Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасынан тәрбиешісі Кунафина Лаззат Мамырбековна өз тәжірибесімен бөлісті. Республикалық форумда баяндама оқып, іс-тәжірибесімен бөлісу үшін Алматы қаласына еліміздің қалаларынан және өңірлерінен ұстаздар қатысты. Біздің қаламыздан қатысқан тәрбиеші Кунафина Л.М. «Мектеп жасына дейінгі балаларға асық терапиясы» тақырыбында мастер-класс көрсетіп «Жаңартылған білімге – жаңашыл ұстаз» Республикалық ғылыми практикалық форумы аясында «Үздік тәжірибелі ұстаз» номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталып, төсбелгі алды.