Skip to main content
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +8(72251)2-17-70

«Күншуақ» балабақшасы»

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2022 жылдың 22 сәуірінде ШҚО білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "Күншуақ" балабақшасы" КМҚК – да "Курчатов-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ернұр Жанатбекұлы Өжықов бірінші тоқсан бойынша бюджет бойынша мониторинг жүргізді. ШҚО білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "Күншуақ" балабақшасы" КМҚК директорының мәліметі бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында 25 309 000 теңге бөлінді. Оның ішінде педагогтер мен қызметкерлердің еңбекақысы – 20 608 000 теңге, коммуналдық шығындар – 1 436 000 теңге, интернет байланыс қызметінің төлемақысы – 115 000 теңге, дәрі – дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу – 130 000 теңге, өзге де тауарларды сатып алу – 1 426 000 теңге, өзге де жұмыстар мен қызметтердің төлемақысы – 1 593 000 теңге.

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістерініздеп тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла бұл дертпен күрескеніміз дұрыс.

Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және ең маңызды шара ретінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз.