Skip to main content
Отдел образования города Курчатова управления образования области Абай
  • Позвоните нам
  • +8(72251)2-17-70

«Детский сад «Күншуақ»

20 дек 2021

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасындағы «үздік балабақша – 2021» республикалық байқауы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында табысты білім беру практикаларын трансляциялау және білім беру ұйымдарының көшбасшыларын анықтау мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында "Үздік балабақша–2021" Республикалық конкурсы өтті. Байқаудың мақсаты -мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртуға, мектепке дейінгі мекемелер қызметінің тиімділігін арттыруға, жаңа білім беру стандарттары жағдайында мектепке дейінгі білім берудің заманауи сапасына қол жеткізуге жәрдемдесу болып табылады. Курчатов қаласынан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "Күншуақ" балабақшасы" КМҚК ұжымы қатысып, "Қазақстан Республикасының Үздік қалалық балабақшасы" номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломымен марапатталды.