Skip to main content
Отдел образования города Курчатова управления образования области Абай
  • Позвоните нам
  • +8(72251)2-17-70

«Детский сад «Күншуақ»

01 мар 2020

«New Star 2020» халықаралық байқау-фестивалі

2020 жылдың 1 наурызында Павлодар қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға бағытталған «New Star 2020» вокалдық өнер мен хореографияның халықаралық байқау-фестивалі өтті. Курчатов қаласының атынан «Қүншуақ» балабақшасының балалар би тобының ұжымы «Батырлар ұраны» биімен өнер көрсетті. Курчатов қаласындағы «Қүншуақ» балабақшасының музыкалық жетекшісі Асылова Нұргүл Елеусізқызының жетекшілігімен «Батырлар ұраны» биі өз жас ерекшіліктері бойынша Гран-при жеңіп алды. Жас бүлдіршіндерімізге зор денсаулық, өнерлері өрге жүзіп, әлі де талай белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз. Ата-аналарға көрсеткен қолдауы үшін көп рахмет!