Skip to main content
Отдел образования города Курчатова управления образования области Абай
  • Позвоните нам
  • +8(72251)2-17-70

«Детский сад «Күншуақ»

12 фев 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақшаішілік «Менің отбасым» байқауы

2020 жылдың 12 ақпанында Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақшаішілік «Менің отбасым» байқауы өтті. Байқауға топ ата-аналары белсенділік танытып, өз топтарының атынан шықты. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткен байқау 4 кезеңнен өтті. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жас ұрпақтың бойындағы ұлттық болмысты, жоғары адамгершілік құндылықтарды сақтап қалу, бабаларымыздан қалған үлгі-өнеге, салт-дәстүрлеріміз, рухани құндылықтарымызды олардың бойына сіңіру өте маңызды жұмыс екені аян. Отан отбасынан басталады дейді аталарымыз. Адам негізгі тәрбиесін жанұяда алатынын ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасында отбасы институтының мәртебесін сақтау, көтеру ісіне баса назар аударылған. «Менің отбасым» байқауы осы бағытта жасалып жатқан жұмыстардың ішіндегі ең өзектілерінің бірі.