Педагогикалық идеялар фестивалі апталығы «Күншуақ» бала бақшасында инновациялық технологиялар апталығы өткізілді. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдірді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: тәрбие мен оқытуда инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзіретті тұлға тәрбиелеу. «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі Т.Ж.Танбаева
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.