7 ақпанда «Жыл тәрбиешісі» байқауының қалалық кезеңі өтті. Биыл байқау ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша "Күншуақ" балабақшасында өткізілді. Байқауға қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты. Қатысушылар байқауға келген өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен таныстырды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар балалармен білім беру қызметін ұйымдастыру мен өткізуде өздерінің кәсібилігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапатталды: «Тәрбиеші – шебер» - Ақжолова Гүлмира Рымханқызы ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша «Журавушка» балабақшасының тәрбиешісі, «Креативті – тәрбиеші» - Тәттімбетова Дидар Қайратқызы ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша № 2 мектептің, шағын орталықтың тәрбиешісі, «Импровизатор-тәрбиеші» – Бакеева Динара Мәулетпекқызы «Ақ – бөбек» балабақшасының тәрбиешісі, «Жаңашыл-тәрбиеші» - Айтбаева Қарлығаш Бейсембайқызы ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша № 4 ЖОББМ тәрбиешісі, «Тәрбиеші – зерттеуші» - Александрович Янна Сергеевна ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша «Журавушка» балабақшасының тәрбиешісі, ал «Жыл тәрбиешісі» байқауының «Жыл тәрбиешісі – 2022» номинациясы бойынша ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі Хурметхан Береке жеңімпаз атанды. «Жыл тәрбиешісі» кәсіби байқауы тек кәсіби сынақ қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кәсіби мамандарының қауымдастығын қалыптастыру алаңына айналды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.