Skip to main content
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +8(72251)2-17-70
13 Feb 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай балабақшаішілік «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» байқауы

2020 жылы 13 ақпанда Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Ол – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай балабақшаішілік тәрбиеленушер арасында өтті. Байқау екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде Абай Құнанбайұлының бір шығармасының мазмұны желісінде сурет салса, екінші кезең ақынның бір шығармасын жатқа айтты. Салтанатты шара аясында бүлдіршіндер мадақтамамен марапатталды және ата-аналар комитеті сыйлықтар табыс етті.